Меню KDT

logo.png?_=1478490169

       КГУ "Ялтинская средняя школа"

  • kz
  • ru
  • Все новости

    Категории

    Неделя языков народа Казахстана

    Проведение мероприятий в рамках XVIII Фестиваля языков народа Казахстана, посвященных 25 -летию Независимости Республики Казахстан


    Тілдер апталығы

     

    «Ана тілің біліп қой,
    Еркіндігің, теңдігің.
    Ана тілің біліп қой,
    Мақтанышың, елдігің.

    Ана тілің – арың бұл,
    Ұятың боп тұр бетте.
    Өзге тілдің бәрін біл,
    Өз тіліңді құрметте!»

    Қадыр Мырза Әли

      Тіл- қай елде болмасын қастерлі.Әр адам шыр етіп дүниеге келгенде , анасының сүтімен өз тілін-ана тілін бойына сіңіреді.Өз тілін жетік білген азаматтың бойында еліне деген,жеріне деген патриоттық сезімі қалыптасады.Мемлекеттік тіл елімізде өзекті де ,маңызды мәселе.
    Жыл сайын мектептерде қырқүйек айының үшінші жексенбісі «Қазақстан халқы тілдерінің күні» деп аталады.
    Қыркүйек айының 15-25 аралығында Ялты орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған « Қазақстан халқының тілдер фестивалі» атты тілдер апталығы өтті. Бұл апталықта іс-шаралар қазақ орыс , ағылшын тілдерінде өткізілді.
    Аталған апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты.
    Дүйсенбі күні апталықтың ашылу салтанаты болды. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды.
    Шараны пән мұғалімдері К.Н.Райымбекова , А.А.Шабданова, Ж.М.Тасенова  дайындаған оқушылардың үш тілдегі әдеби монтажы жалғастырды.
    Тәуелсіздігіміздің тұғырына көтерілген жылдар ішінде елдің бірлігі артқандай. Елімізде ұлтымыздың ұлы тілімен қатар әлемдік тілдердің де құндылығы жоғары.Ұстаздар қауымының басты міндеті-шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру. Осы мақсатта қазақ тілі пәнінің мұғалімдері К.Н.Райымбекова мен Ж.М.Тасенова «Тіл тағдыры- ел тағдыры» атты шығармалар сайысын ұйымдастырса А.А.Шабданова  «Грамматикалық марафон» атты сыныптар арасындағы сайысты өткізді. Сонымен қатар апталықта ашық сабақтар, «А.Байтұрсынов- қоғам қайраткері» атты 9-11 сыныптар аралығында дөңгелек үстел , «Көңілді үзіліс» атты үзілістік ойындар, « Тіл- татулық тірегі» мәнерлі өлең оқу сайсы, Ағылшын пәнінің мұғалімінің ұйымдастыруымен 10-11 сыныптарда «Полиглот» оқу-танымдық жарысы  өткізілді.
    Апта соңында тіл мамандары ұйымдастыруымен « Менше жырла» атты қорытынды ән кеші өкізілді.
    Түйіндей келе, бұл шаралар осы мерекемен ғана шектеліп қалмай, әрі қарай өз жалғасын табады деп ойлаймыз. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» - деп тура айтқан. Олай болса, тілімізді қадірлей білейік!
    А.А.Шабданова , Ялты орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
    24.09.2016
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки